"Қазақмыс" корпорациясы" үш кен орнын уақытша консервациялау және Жезқазған мыс балқыту зауытын жөндеу мақсатында тоқтатуға шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" корпорациясы" үш кен орнын уақытша консервациялау және Жезқазған мыс балқыту зауытын жөндеу мақсатында тоқтатуға шешім қабылдады

"Қазақмыс" корпорациясы" үш кен орнын уақытша консервациялау және Жезқазған мыс балқыту зауытын жөндеу мақсатында тоқтатуға шешім қабылдады

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақмыс" корпорациясы" үш кен орнын уақытша консервациялау және Жезқазған мыс балқыту зауытын жөндеу мақсатында тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін корпорация басқармаларының төрағасы Эдуард Огай журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 1317
Фото - Caravan.kz

«Қоңырат, Белусов және Нұрқазған солтүстік кен орындары уақытша консервацияланды, адамдарды басқа бөлімшелерге ауыстырдық», — деді Э.Огай.

Бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник: «әлемдік түсті металл нарығында бағаның күрт құлдырауы «Қазақмыс» корпорациясын кейбір өндірістік бөлімшелерін уақытша тоқтата тұру мен қызметті басқа бағытқа бұру шараларын қолдануға мәжбүрлеп отыр», деген.

Эдуард Огай журналистерге берген сұхбатында Жезқазған мыс балқыту зауытын жөндеу мақсатында тоқтатуға шешім қабылданғанын жеткізді. «Зауыт жұмысын тоқтата тұру мәселесі көптен бері қойылып жүрген, біз онда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіспіз. Зауыт өнімінің бағасы жоғары болып келгендіктен, біз оны бастау мерзімін соза бердік», -деді зауыт басқармаларының төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар