"Қазақмыс" мырыш өндіру мөлшерін 10, алтын өндіруді 2 есе арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" мырыш өндіру мөлшерін  10, алтын өндіруді 2 есе арттырды

"Қазақмыс" мырыш өндіру мөлшерін 10, алтын өндіруді 2 есе арттырды

"Қазақмыс" корпорациясы 2005-жылдың алғашқы 8 айында 34,4 мың тонна металл түріндегі мырыш өндірді. Ал былтырғы осы мерзімде 3,2 мың тоннасы шығарылған. Сонымен бірге корпорация 2004-жылғы қаңтар-тамыз айындағы 851 килограмм құйма алтынның орнына биыл 2004 килограмм осындай өнім өндірді. Бұған қоса күміс түйіршіктерін өндіру мөлшері 352 килограмнан 428 килограмға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 948
Фото - Caravan.kz

2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында «Қазақмыс» корпорациясының барлық өндірістік көрсеткіштері дерлік өсті. Тек тазартылған мыс пен мыс катанкасын өндіру мөлшері ғана кеміп, тиісінше 263,3 мың және 6,5 мың тоннаны құрады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мыс және мыс катанкасын өндіру мөлшерінің кемуіне корпорацияның кедей кендерді өндіруге ден қоюы түрткі болды. 8 айда 26 млн. тонна кен өндірілді. Ал 2004-жылдың қаңтар-тамыз айларында 23,6 млн. тоннаны құраған.

Тазартылған мұнайдың 40 проценті Қытайға, қалған бөілігі Еуропаға шығарылды. Металл түріндегі мырыш түгелдей Қытайға жөнелтілді.
2005-жылдың 8 айында корпорация өндірген тауарлық өнім мөлшері 140,3 млрд. теңгені құрады. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 19,6 процентке артық.

Перейти к новостям спорта