Жарияланды: 590

«Қазақмыс» өндіріс нысандары табиғат қорғау шараларын дер кезінде орындамай отыр

Табиғат қорғау шараларын дер кезінде орындау және эмиссия нормативтерін сақтау, «Қазақмыс» корпорациясындағы өндірістік нысандар үшін үлкен проблема болып отыр.

Бұл туралы бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш министрліктің Экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Сағымбек Мұташев айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2007- 2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы мыс, химия комбинаты мен тағы бірнеше нысанның қалдықтары суға тазартусыз төгіліп, табиғатқа үлкен залал келтірілген. «Сонымен қатар инспекторлар тарапынан бірнеше мәрте айыппұлдар салынып, тазарту қондырғысының құрылысын тезірек бітіру туралы нұсқама берілгенімен корпорация бұл мәселеге қатысты ешқандай шара қолданбай отыр»,-деді комитет төрағасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін