"Қазақмыс" тобы мен Қытай Мемлекеттік Даму банкі арасында 1,5 млрд. доллар мөлшерінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" тобы мен Қытай Мемлекеттік Даму банкі арасында 1,5 млрд. доллар мөлшерінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

"Қазақмыс" тобы мен Қытай Мемлекеттік Даму банкі арасында 1,5 млрд. доллар мөлшерінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Астана қаласында "Қазақмыс" тобының басқарушы бас директоры Олег Новачук пен Қытайдың Мемлекеттік Даму банкінің вице-президенті Гао Цзянь мөлшері 1,5 млрд АҚШ доллары болатын несиелік бағдар ұсыну жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • 13 Маусым 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

Келісімде айтылған қаражат Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай ірі кен орнын — елдегі ең келешегі зор тау-кен өндіру жобаларының бірінің игерілуін көздеп отыр. Меморандумға қол қою Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне орайластырылған.

Күткендегідей, тараптар несиелік келісімге осы жылдың соңына дейін қол қоюға шарттасты. ҚМДБ тарапынан қаржыландыру Қазақмысқа сол аталған активті бақылауында ұстай отырып, өндірісті ұлғайту жөніндегі ірі жобаны игеруге мүмкіндік туғызады. Ақтоғайдың қоры — 5 млн тонна мысты құрайды: жобалық қуаттылығы жылына 100 мың тонна мыс концентраты болғанда, кенішті пайдалану мерзімі 43 жылға жететін болады. Пайдалану кезінде қызметкерлердің саны мың адамнан асатын болады.

Жобаның ендігі қажетті деген инфрақұрылымы бар: 800 шақырымды құрайтын электр желілері мен трансформаторлық станса, теміржол тармағы мен өрлеу краны орналастырылған іріктеу торабы, автожол, қоймалар мен тұрғын-жайлар, бетон құю кешені және асфальт зауыты. Жобаның артықшылықтарының бірі оның Қытайдағы тұтынушыларға қарай жақын орналасқандығы есебінен өнімнің экспортын жеңілдетуі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар