Қазақ-Өзбек шекарасында Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Өзбек шекарашыларымен қақтығыс кезінде олардан екі автоматты тартып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-Өзбек шекарасында Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны  Өзбек шекарашыларымен қақтығыс кезінде олардан екі автоматты тартып алды

Қазақ-Өзбек шекарасында Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Өзбек шекарашыларымен қақтығыс кезінде олардан екі автоматты тартып алды

Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Қазақ-Өзбек шекарасында Өзбек шекарашыларымен қақтығыс кезінде олардан екі автоматты тартып алды. KZ-today тілшісіне белгілі болғанындай, қақтығыс 19-қазанда түнгі сағат 5 кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданымен шекаралас Өзбекстан аумағында, Достық кеңшарына таяу жерде болған.

  • 21 Қазан 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Мақтаарал ауданының тұрғындары, ағалы-інілі екеу мақтаға саудаласу барысында Өзбекстандық шекарашылармен шекісіп қалған. Қазақстандықтардың айтуынша, олар дәл осы шекарашылардан бұдан бұрын да талай мақта сатып алған, бірақ бұл жолы олар бағасына келісе алмай қалса керек. Дау кезінде шекарашылар контрабандалық әрекет үшін қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытады. Даудың соңы төбелесе ұласып, шекарашылар қару қолдануға әрекет жасайды. Бірақ, қазақстандықтардың айтуынша, олар шекарашылардың қолындағы автоматтарын тартып алып, арыққа лақтырып жібереді деп тездетіп бой тасалайды.

Қазір ағалы-інілі екеу Мақтаарал аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олардың біреуінің миы шайқалып, көп жерінен жарақат алса, екіншісінің оң иығы шығып кеткен.
Оқыс оқиға Қазақстан аумағында болмағандықтан, Оңтүстік Қазақстан облысының күш құрылымдары ол жайында ресми ешбір түсініктеме бермей отыр. Ал Өзбекстан жағынан ресми наразылық әзірге білдірілген жоқ.

Перейти к новостям спорта