Ақпарат көзінің хабарлауынша, кеше Қазақстанның төрт азаматы (екі әйел, екі еркек) шекаралық бекеттерді айналып өтіп, автокөлікпен Өзбекстан аумағына өтпек болған. Оларды Өзбекстан Республикасының шекарашылары тоқтатқан көрінеді. Белгісіз себептермен әскери қызметкерлер азаматтарға қарсы қару қолданған. Алдын-ала мәлімет бойынша ер адамдардың бірі оққа ұшқан.