Қазақ-өзбек шекарасында Қазақстандық шекара әскері жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-өзбек шекарасында Қазақстандық шекара әскері жарақаттанды

Қазақ-өзбек шекарасында Қазақстандық шекара әскері жарақаттанды

Қазақ-өзбек шекарасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкері жеңіл жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz



Ақпарат көзінің хабарлауынша, 12-қыркүйек күні 15 сағатта Өзбекстанның бір топ азаматы Сарыағаш ауданы Абай ауылының маңында Қазақстан аумағына заңсыз өтуге әрекет жасаған. Шекарашылар жасағы заңсыз әрекетке тосқауыл қоюға талпынады. Бұған жауап ретінде шекара бұзушылар прапорщиктің автоматына жармасқан. Талас-тартыс кезінде кездейсоқ құлап қалған шекара бұзушы автоматтың шүріппесін басып қалып, жақын тұрған әскерді жаралаған.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, жарақат әскердің өміріне қауіп төндірмейді.
Қазіргі жағдаймен ҚР ІІМ-нің Оңтүстік Қазақстан облысы жөніндегі әскери-тергеу бөлімінің қызметкерлері шекараға аттанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта