«Қазақпарат» журналистері ереуілге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақпарат» журналистері ереуілге шықты

«Қазақпарат» журналистері ереуілге шықты

«Қазақпарат» журналистері сәрсенбі күні ереуілге шығатындары туралы ақпарат таратты.

  • 15 Маусым 2011
  • 738
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың мамыр айының жалақысы кешіктіріліп жатқанына байланысты ереуіл жариялаймыз. Еңбек келісімшартына сәйкес, жалақы әр айдың 10-шы күнінен кешіктірмей төленуге тиіс. Жыл басынан бері біз мұндай қадамға үшінші рет барып отырмыз, өйткені біздің компанияда жалақы төлеуді кешіктіре тұрақты түрде орын алады», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, журналистер «Қазақпарат» ҰК басқарма төрағасы Дәурен Дияровтың мәліметтеріне сәйкес, бірнеше жылдың ішінде «компанияның бюджеттің алдында Т200 млн-нан аса қарызы түзілген» деген сөзін келтіріп отыр.

«…Д.К.Дияровтың түсіндіруінше, (…) есепшот алдағы 10-20 күнде қайта ашылады. Бірақ біз, агенттік журналистері қалыптасқан жағдайға үкімет пен президент әкімшілігі назар аударып, қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», — дейді «Қазақпарат» журналистері.

«Қазақпарат» ҰК басқарма төрағасының экономика және даму жөніндегі орынбасары Батырбек Байс ҚазТАГ-қа мәлімдегендей, «Қазақпарат» журналистерінің жалақысы небәрі 5 күнге кешіккен.

«Ереуілге қатысты жағдай (2011 жылдың мамыр айы үшін жалақы кешіктірілгеніне — ҚазТАГ) бар. Бірақ бұл небәрі 7-8 адам ғана. Ақпарат агенттігінің сайты істеп тұр», — деді Б. Байс агенттік тілшісіне сәрсенбі күні телефон арқылы.

Оның ақпаратына сәйкес, жалақы «тек мамыр үшін және небәрі 5 күнге ғана кешіктірілуде».

Б. Байс компанияның бюджеттің алдында салық бойынша қарызы қалыптасқанын, осыған байланысты сот талқылауы жүріп жатқанын, компанияның есепшоты шектелгенін түсіндірді.

«Біз салық бойынша Жоғарғы сотқа шағым түсірдік, іс өндіріске алынған соң есепшоттар («Қазақпарат» ұлттық компаниясының — ҚазТАГ») есепшоттары ашылып, біз жалақы төлей бастаймыз», — деді ол.

Б. Байс ұлттық компанияның бюджеттің алдындағы қарызының сомасын атаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар