Қазаққа коронавирус қауіпті ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазаққа коронавирус қауіпті ме?

Қазаққа коронавирус қауіпті ме?

Статистикаға көз жүгіртсеңіз елімізде неше түрлі аурулардың күн санап көбейіп жатқанын білесіз.

  • 11 Наурыз 2020
  • 54
Фото - Caravan.kz

Сол аурулардан көз жұмып жатқандардың саны қаншама?!

Біз салауатты, денсаулығы зор елміз бе? Атышулы вирус келмей-ақ қырылып жатқан жоқпыз ба?

Осы қазақ су ішіп жүр ме, У ішіп жүр ме?

Бұл сұрақтардың жауабын Асхат Садырбай біліп көрді. Журналист бұл жайлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Астанаға көшіп келген кезде көзіме жәмән көрінген картиналардың бірі-үйге 5 л баклашкамен ішетін су тасу. Шынымен, астана деген атына мүлдем лайық емес қой. Біраз елдің астанасын көрдім (Африкаға бармадым әлі). Бірақ, дәл осылай су тасып жүрген тұрғандарды байқамадым. Ойға бірден бұл біз теледидардан тамсанып көріп жүрген Елорда ғой, сонда бұл жақта таза су, газ деген мәселелер әлі шешілмеген бе деген сұрақ келді.

Үйлеріне су әкетіп бара жатқан қазақтарды көргенде көз алдыма ауылдағы балалық шақ елестеді. Ауылымыз қаладан қатты алыс болмаса да (оны кейін есейгенде біліп жүрміз ғой) бізге сол су, жарық, газ деген өркениеттерің кештеу жетті. Біздің үй трассаға жақын, ауылдың төмен жағында орналасқандықтан болар әйтеуір су келмейтін, жетпейтін. Жоғар жақтан (ауылдың басындағы тауға қарай жақын үйлер) есектің екі жағына екі пләкты (фляг) салып таситынбыз. Қыста шанамен сүйреп әкелесің. Қисық-қисық тас жолмен үйге жетем дегенше ол судың жартысы далаға шашылып қалатын. Әйтеуір сондай көріністер есімде. Кейін қалаға келіп су тасу дегенді ұмыттық қой. Краннан аққан суды ойланбай іше беретінбіз. Алматыда да солай болды. Алайда астанаға келгенде… “өкінішке орай”…

У деп отырғаным…


Әлем пластикадан бас тартып жатыр, оны өндіруді де, қолдану да доғаруда. Қоршаған ортаға тигізетін зиянын айтпағанда, одан ішетін судың да адам денсаулығына әжептеуір кері әсері бар екенін оқып қалдым өткенде бір жерден. Сыртын қоя берші, мақұл, ал, ішіндегі су ше? Ол шынымен таза ма? Су тазартатын фильтр қойғызуға көпшіліктің шамасы жете бермейді. Жеткенде де оны үйің болса қоясың, болмаса не істейсің?! Амал жоқ, литрі 10 теңге тұратын суды ішесің. Үйдегі судың сиқы анау-ішу былай тұрсын, жуынғаннан ақ біраз нәрсені аңғаруға болады…

Сапасыз су ішіп отырған елде мықты денсаулық бола ма? Вирус-пирустерге төтеп бере ала ма? Құдай бетін аулақ қылсын, әрине. Сонда да, ішетін суымыз таза болмаса болашағымыз бұлыңғыр…

Соңғы жаңалықтар