Қазаққа тұрмысқа шығамын деген орыс қызы жеті баламен жалғыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазаққа тұрмысқа шығамын деген орыс қызы жеті баламен жалғыз қалды

Қазаққа тұрмысқа шығамын деген орыс қызы жеті баламен жалғыз қалды

35-ке толған Ульяна Шиловская - жеті баланы жалғыз асырап отырған батыр ана десек артық болмас. БІрнеше жылдар бұрын қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, 12 ұл тәрбиелеуді армандаған орыс қызы "жағдайы жоқ болса да, бала туа беретіндерді" жазғыратындарға жауап берді.

  • 18 Тамыз 2017
  • 14859
Фото - Caravan.kz

Ульяна өзінің бұрынғы күйеулері, туралы ештеңе айтқысы келмейді. Тек сонау студент болған кезінде отбасылы болғанын және екі баланы дүниеге әкелген соң ажырасып, басқа жігітке күйеуге шыққанын айтып берды,- деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz

«Екінші күйеуіммен 2010 жылға дейін бірге тұрдық. 4 баламыз болды. Алайда , күйеуім екі жерде жұмыс істеп жүрсе де, бізді тастап кетті. Сол уақытта қатты қиналдық. Ішетін ас, киетін киім таппадық. Балаларым әлі күнге дейін әкелерін кешіре алмайды», — дейді көпбалалы ана. — Уақыт өткен соң мен тағы да бір ер адамды кездестірдім. Ешқандай отбасылық жоспарсыз, тек қана арасында кездесіп отырдық. 

Сол жігіттен жетінші балаға аяғы ауыр екенін білген Ульяна "қабылдамай қоя ма" деген қорқынышпен ол жігітпен мүлде араласпай кетіпті.

"Сол уақытта қатты қиналдық. Ішетін ас, киетін киім таппадық".

Үйдің ең үлкені Александра — 16 жаста болса, ең кішкентайы Федя — бар болғаны екі жаста.

Ульянаның балаларыУльянаның балалары. Фото — newtimes.kz

Отбасы Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі жерастында орналасқан жертөледе айына 65 мың теңге төлеп өмір сүруде. Өжет әйел балаларға берілетін 43 мың теңге жәрдемақыдан бөлек, жөндеу жұмыстарында 1-2 күн сылақшы болып тапқан ақшасына үйін асырап отыр. Дегенмен, елордалық қайырымды жандар оларға киім-кешек пен азық-түлік әкеліп тұрады.

Ульянаның балаларымен тұрып жатқан жерУльянаның балаларымен тұрып жатқан жер. Фото — newtimes.kz
Ульяна балаларымен тұрып жатқан жерУльяна балаларымен тұрып жатқан жер. Фото — newtimes.kz

                             "Ең кенже сіңілімді 9 жыл бойы іздедім"

«Біз үйде төрт қыз едік. Есімде қалғаны, анам бізді жақсы көретін. Тек әкеміз бізді ұратын. Уақыт өте келе мені балалар үйіне апарып тастады. Кейін үш әпкемді де сол жаққа жіберді. Ең кенже сіңілімді 9 жыл бойы іздедім», — деген ол көпбалалы ана болып, ауылда тұруды кішкентай кезінен армандап жүргенін айтты.


«Балалар үйінде қыздармен бірге жиналып отырғанда мен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, 12 баламен бірге үлкен шаңырақта ауылда тұруды армандайтынмын. Әрине, бәрі мен ойлағандай болмады. Дегенмен, менің қазір жеті балам бар. Мен оларды бағып-қағып, осы күнге жеткіздім.

Ульяна ШиловскаяУльяна Шиловская. Фото — newtimes.kz

"Мен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, 12 баламен бірге үлкен шаңырақта ауылда тұруды армандайтынмын"

 Ең кішкентай балама аяғым ауыр болып жүргенде, бірден аборт жасату туралы ой болған. Бірақ, аурухананың алдына барып тұрып, райымнан қайттым. "Алтыншы балам қайда болса, жетіншісі де сонда" деген оймен, әйтеуір бірдеңе қылып, күн көретінімізге сендім», — дейді көпбалалы Ульяна.

«Нан мен сүтке кез келген адам ақша таба алады. Тек баланы тастап кетудің қажеті жоқ.  Ерік-жігер мен балаңа деген үлкен махаббатың болса, қалғанның бәрі болады. Дәл осы махаббат маған бүгінгі күнге дейін күш беріп келе жатыр. Мен өз балалрымды қатты сүйемін», — деп сөзің аяқтады батыр ана.

"Алтыншы балам қайда болса, жетіншісі де сонда"