Қазақ-қырғыз шекарасында 200 жүк көлігі өте алмай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-қырғыз шекарасында 200 жүк көлігі өте алмай тұр

Қазақ-қырғыз шекарасында 200 жүк көлігі өте алмай тұр

 

  • 24 Мамыр 2022
  • 195
Фото - Caravan.kz

Кең-Булун бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің саны 200-ге жетті, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы "Хабар 24" арнасына сілтеме жамсап..

Телеарнаның мәліметінше, көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірмеген. Әдетте тауар немесе азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шекарадан өту қиын екені ғана айтылған.

Қырғызстаннан Қазақстанға бос ауыр жүк көліктері тек Кең-Булун бекеті арқылы ғана кіре алады.


"Мұнда тұрғанымызға екі күн болды. Көліктердің барлығы бос, ешбір жүгі жоқ. Қазақстан аумағына кіргізуін күтіп тұрмыз, өйткені бізге сол жақта жүк тиеп, контейнерлерімізді қалдыру керек", — дейді көлік жүргізуші Талғат Аскеев.

Соңғы жаңалықтар