Жарияланды: 390

Қазақ-қырғыз шекарасындағы екі бекет тәулік бойғы жұмыс режиміне өтті

28-ші маусымда қазақ-қырғыз шекарасындағы екі тексеріп-өткізу бекеті - «Кен-Булун» және «Токмок» кеден бекеттері тәулік бойғы жұмыс ітеу режиміне өтті, деп ҚырТАГ агенттігі Қырғызстан МҰҚК шекара әскерлері баспасөз қызметіне сілтемелеп хабарлады.

«Бұған дейін «Кен-Булун» және «Токмок» кеден бекеттері сағат 8-ден 20 сағатқа дейін жұмыс істеген. Бұл бекеттер 28-ші маусымнан бастап тәулік бойғы жұмыс тәртібіне көшеді. Бұл екі республиканың шекара ведомстволарының арасындағы уағдаластықтың арқасанда мүмкін болды», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда. Қазақстандық тараптан өткізу Ауқатты» және «Сартөбе» өткізу бекеттерінен жүзеге асырылады. Қырғызстан тарапынан «Кен-Булун» және қазақстандық «Ауқатты» кеден бекеттерінен ауыр жүкті автокөліктер өткізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін