Қазақ-Қырғыз шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-Қырғыз шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталды

Қазақ-Қырғыз шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталды

Енді Қазақстан мен Қырғызстан ешқандай кедергісіз шекарадан тауар алып өтеді.

  • 12 Тамыз 2015
  • 1542
Фото - Caravan.kz

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев  пен Алмазбек Атамбаев «Қордай» және «Ақ жол» бекеттеріндегі кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне қатысып,  осындай келісімді бекітті. Қолға алынған шараның нәтижесінде көрші елмен қарым-қатынас нығайып, сауда-саттық одан да ұлғая түседі, — деді Елбасы. Бүгіннен бастап Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанды. Енді оның аумағы кедендік шекарасыз бірегей кеңістіктің бөлігіне айналды. Сол себепті мұндағы 8 бақылау-өткізу бекеті, 7 көлік және 1 темір жолды тек шекарашылар күзететін болады. Олар өтушілердің төлқұжат-визаларын тексеріп, көліктерді тасымалдауға тыйым салынған заттарға қатысты тексерулер жүргізеді. Тауар тасымалданған жағдайда, арнайы құжаттар ресімделіп, артынша салық органдарына тапсырылады. Айта кетейік, екі ел арасындағы кедендік бақылау алынып тасталғанымен, фито-санитарлық қадағалау жүргізіле береді, — деп хабарлайды 
http://24.kz/
.

Соңғы жаңалықтар