Қазақ-қытай бірлескен кәсіпо­рны көмірден жылына 500 мың тонна отын ө­ндірмек ­ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-қытай бірлескен кәсіпо­рны көмірден жылына 500 мың тонна отын ө­ндірмек ­

Қазақ-қытай бірлескен кәсіпо­рны көмірден жылына 500 мың тонна отын ө­ндірмек ­

«Karagandy CCI» қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны жылына 2,5 млн тонна көмір өңдеп, 500 мың тоннаға жуық сұйық синтетикалық отын өндіруді жоспарлап отыр.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 1388
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «ҚазМұнайГаз Өңдеу және Маркетинг» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның жалпы құны, көмір-химия кешенінінің қай кезде салынатыны 2016 жылы ТЭН бекітілгеннен кейін белгілі болмақ. Қазір Қытайдың «Цинхуа» энергетикалық корпорациясы жобаны іске асыруға қаржы тарту мәселесімен айналысып жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, «ҚазМұнайГаз Өңдеу және Маркетинг» АҚ мен «Цинхуа» (China Kingho Energy Group) корпорациясы «Karagandy CCI» ЖШС деген атпен бірлескен кәсіпорын құру туралы келіскен болатын. Компания «Қарағанды облысында көмір өңдейтін кешен құрылысы» жобасын іске асыратын оператор рөлін атқарады. Жобаның мақсаты – көмірден сұйық синтетикалық отын алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізу.
Жобаға «Арбат» БК» ЖШС мен «Кузнецк» разрезі» ЖШС атсалысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар