Қазақша интервью алатындарға сенім жоқ – Меруерт Түсіпбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақша интервью алатындарға сенім жоқ – Меруерт Түсіпбаева

Қазақша интервью алатындарға сенім жоқ – Меруерт Түсіпбаева

Дизайнер Жадо мен әнші, актриса Меруерт Түсіпбаеваның бір-бірін сотқа бергені белгілі. Басында дизайнер намысына тиетін сөздер айтқаны үшін әртістің үстінен шағым жазған болатын. Артынан Меруерт те Жадоға қатысты арыз жазды.

  • 8 Ақпан 2017
  • 7263
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі дизайнер мен әншінің арасындағы жағдайдың не болып жатқанын білу үшін Меруерт Түсіпбаеваға Фейсбук (онда «Мира Тусупбаева» деп тіркелген) арқылы жеке хабарласқан еді. Амандасқанымыз сол еді, әнші бірден «Позв» деп ұялы телефонының нөмірін берді. «Позв» дегені «позвони» дегені шығар деп, қоңырау шалдық. Ал Меруерт: «Караванға» орысша интервью бердім. Енді мені мазаламаңдар» деп, телефон тұтқасын қоя салды.

Сосын бірер күннен кейін Фейсбук арқылы тағы хабарласып, сұрақтарымызды жазып жібердік. Алдымен амандастық, әрине. Бұл жолы да амандық-саулық жоқ, бірден «Позв мне» деген жауап келді.

Әнші әры қарай бөлек-бөлек былай деп жазды (қаз-қалпында беріп отырмыз): «Орысша былмесен амал жок», «Аудармашы аркылы аудар», «Караванда бар сурактарына жауап бар», «Казакша интервью алатындарга сеним жок-осек терип бурмалайды», «Мине окы-тусинбесен аудармашы жалда», «Осы жерде бар жауап бар», «Трибунага интервью бердим-сонгы жаналыктармен», «Орысша», «Ауре болыпсын -не читала вопросы», «Аудар Василенконын интервью», «Сау бол», «Аудармашы жалда».

Естеріңізге сала кетсек, Меруерт пен Жадо өткен жылы күзде әлеуметтік желіде дауласып қалған еді. Алдымен дизайнер телебағдарламада әншінің бір талғамсыз киімі туралы айтты. Бұған шалт кеткен Түсіпбаева Инстаграмда: «Адамда ми болуы керек қой. Әрине, 10 сыныптық біліммен алысқа бара алмайсың. Егер ерігіп жүрсең, біздің Жүргенов академиясына оқуға түс (орысщадан аударылды – ред.)… , Семіріп, әліңді білмей әлек болғанша, сауатыңды аш (бұл қазақша – ред.)» деген. Бұл сөз намысына тиген Жадо әншіні сотқа берді. Сөйтіп, 20 миллион моральдық шығын талап етті.


Жадо. Bnews.kzЖадо. Bnews.kz

Бірақ әртіс бірнеше сот отырысына бармай қойды. Сондай күндердің бірінде дизайнер: «Енді Меруерт Түсіпбаева аяғыма келіп жығылса да, кешірмеймін» деген болатын. Бұл сөзге сосын әнші шамданып, Жадоның үстінен шағым жазды. Айта кетейік, қазақ журналистерінен қашып, орысша оңды-солды сұхбат беріп жүрген әртістің сол «интервьюлерінен» дизайнермен соңына дейін соттасуға дайын екені, бейбіт келісімнің бола қоймайтыны байқалады.