"Қазақша порно сайт жасау керек": Желіде сұмдық бастама көтеріліп, видеолары сатыла бастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақша порно сайт жасау керек": Желіде сұмдық бастама көтеріліп, видеолары сатыла бастаған

"Қазақша порно сайт жасау керек": Желіде сұмдық бастама көтеріліп, видеолары сатыла бастаған

"Бізге қазақша порно сайт жасау керек". Әлеуметтік желіде осындай сұмдық ұсыныс айтып, бастама көтерушілер пайда болды. Тіпті  "Орыстардың порносы күштірек, қазақтар түсіре алмайды" деген мағынадағы жарнамалары да тарай бастаған. Автор қазір қазақ қыздары мен жігіттері түскен порно видеоларын телеграм арнасы арқылы сатып жатыр.

  • 10 Қаңтар 2023
  • 872
Фото - Caravan.kz

Сауданы қыздыру мақсатында ТикТок желісінде ашық көрсетіліп жатқан жарнамалар көптің жағасын ұстатты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Желіде "Біз отандық өнімді қолдаймыз", "Бізге қазақша порно сайт жасау керек. Біз жасадық!", "Қазақша сіг*скен видеолар қайда бар", "Үйде жалғызсың ба? Қолыңа салфетка алып, телефоныңнан біздің сайтты қос та дрәшкіле!"  хэштэгімен белгіленген видеоларды көруге болады.

Жарнамаларының біріне қазақ қыздарының жартылай жалаңаш фотоларын да қолданыпты. 

Қазақша порноның бағасы 2300 теңге екен.

Және де "А сосын айта кететін жайт, видеоларың болса сатып аламыз (арзанға) немесе біз айтқандай түсіріп бересіз (қымбатқа) көмекшіге жазыңыз", — деген хабарландырулары да бар. Желі қолданушылары мұндай бастамадан, насихаттың жүруінен шошып отыр. Десе де қызығушылық танытып жатқандар да жоқ емес.