Көмекті табыс ету рәсіміне Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков пен Қырғызстан вице-премьерінің міндетін атқарушы Данияр Үсенов қатысты. Ол өз сөзінде бұл бидай үкіметтің шешімімен қорға сақталатынын хабарлады. «Сыбайлас жемқорлық билеген режим тұсында азық-түлік қоры жаппай талан-таражға түсіп, сатылып кеткен»,- деді Д.Үсенов.
Өз кезегінде Ө.Өзбеков «наурыз оқиғаларынан кейін Қырғызстанның жаңа үкіметі Қазақстан тарапынан қолдауға мұқтаж» деп мәлімдеді.
Елші Қырғызстандық кәсіпорындар үшін Қазақстан рыногының есігі ашық екенін жеткізді. Ол сонымен бірге Қырғызстанның ауылшаруашылығы өнімдерін сатушылар үшін Қазақстан үкіметі жеңілдіктер қарастырғанын хабарлады.