Бұл туралы бүгін, 18-тамызда ҚР білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Астанада мекеме басшысы Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жалпы дүниежүзілік ағым. Еліміз үшін бұл жүйеге көшудегі басты қиындық — республиканың кейбір аймақтарындағы оқушыларға арналған орындардың тапшылығы болмақ»,- деді министр. Министрліктің мәліметіне сәйкес, білім беру жүйесін жаңалау қосымша 250 мың орын құруды талап етеді. «Еліміздің солтүстік аймақтарында оқушы орындары артық болса, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облысы секілді оңтүстік аймақтарда бұл үлкен қиындықтардың бірі»,- деді министр.
Осыған байланысты Ж.Күлекеевтің хабарлауынша, ҚР білім және ғылым министрлігінің алдын-ала мәліметіне сәйкес, елімізде алдағы үш жылда 209 жаңа мектеп салынып, соның ішінде 120 мектептің құрылыс жұмыстары республикалық, 89 мектептікі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. «Менімше, қазір аймақтарда бұл сандар нақтыланып жатқандықтан, жоғарыда аталған сан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін»,- деді Ж.Күлекеев. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, келесі жылы республикалық бюджет қаржысының есебінен зағип балаларға арналған екі мектеп-интернат салынады.