«Еліміз үшін ең басты қатер — ғаламдық экономикада технологиялық тұрғыда артта қалу мүмкіндігі болмақ. Сол себепті біз алдағы 15-20 жылда мемлекетіміздің стратегиялық императиві технологиялық жаңалықтарды енгізу мен инновациялық жетекшілікке қол жеткізу болып табылатынын жадымызда ұстауымыз қажет»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
«Қазақстан мемлекет ретінде шекараның ашықтығы мен халықаралық өзара тәуелділік ахуалында жұмыс істеуге дайын болуға тиіс. Мемлекет ғаламдық экономикалық талаптарға бейімделуге тиіс, мемлекет қатаң бәсекелестікке дайындалуға тиіс, сондай-ақ, барған сайын күшейте түскен бәсекелестікті ескере отырып өзінің басты функциясы — ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасауды қамтамасыз етуге тиіс»,- деді ол.
«Бейнелей айтсақ, қазіргі Қазақстан — инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс. Қазіргі экономикалық өсім ахуалында біз экономикамызды, мемлекеттік құрылымдарымыз бен инфрақұрылымымызды таяудағы 15-20 жылда қайта құрып үлгеруге тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті