Қазақстан 2003-жылғы түсімнен тағы да 2 млн. тоннадай астықты шетелдерге шығара алады - ҚР ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2003-жылғы түсімнен тағы да 2 млн. тоннадай астықты шетелдерге шығара алады - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қазақстан 2003-жылғы түсімнен тағы да 2 млн. тоннадай астықты шетелдерге шығара алады - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қазақстан 2003-жылғы түсімнен тағы да 2 млн. тоннадай астықты шетелдерге шығара алады. Бұл туралы бүгін, 29-қаңтарда сенаттың жалпы отырысы аясында ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2003-жылғы астық экспорттау көлемі жорамал бойынша 5 млн. тоннаны құрайды. «Бүгінгі жағдаймен 3 млн. тоннадан астам астық шетелдерге шығарылды. Ендігі жерде тағы да 2 млн. тоннадай астық экспорттауға мүмкіндік бар»,- деді А.Есімов.

ҚР ауылшаруашылығы министрінің мәліметіне жүгінсек, тұтастай алғанда 2003-жылы Қазақстаннан 5,815 млн. тонна астық шығарылды, оның 2,8 млн. тоннасы соңғы үш айда экспортталды. «Астық экспорттау қарқыны айрықша жоғары»,- дей келіп А.Есімов мұндай жағдай еліміз тарихында тұңғыш рет қалыптасып отырғанын атап өтті.
2003-жылы Қазақстанда таза салмағы бойынша 14,8 млн. тонна астық жиналды. Ал 2002-жылы 15,9 млн. тонна түсім орылған болатын.

Соңғы жаңалықтар