Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді
Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді. Бұл туралы Әзербайжан Республикасының бірінші вице-премьері Аббас Аббасов журналистерге мәлімдеді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан. |
А.Аббасовтың атап көрсетуінше, осы жөніндегі келісімге Астанада өткен келіссөздер нәтижсінде қол жеткізілген. Әзербайжанның жеке меншік компаниялары Қазақстаннан 300 мың тонна астық алу туралы келісімге қол қойыпты. Алдын-ала белгіленген кестеге сәйкес 50 мың тонна астық биылғы жылдың желтоқсан айында Қазақстаннан импортталып үлгерген. Ал қалған 250 мың тонна астық 2004-жылдың мамыр айына дейін жөнелтіледі. Әзербайжандық компаниялар елімізден 1 тонна астықты 165 долларға сатып алады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін