И.Тасмағамбетовтың айтуынша, «1995-жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің медициналық жүйесі үздіксіз реформалау кезеңін бастан кешіруде». «Біз міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізгеніміз белгілі. Алайда, өкінішке орай, сол кезде еліміздің экономикалық күш-қуатының осалдығынан ол жүйе күйреуге ұшырады», — деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы.
И.Тасмағамбетовтың хабарлауынша, алдағы жылы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға қажетті 90 млрд. теңге міндетті түрде бөлінеді. «Елімізде қазір медицинада бюджеттік-сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізуге жақсы негіз қаланып, барлық алғышарттар жасалды»,- деп қорытты өз сөзін И.Тасмағамбетов.