Қазақстан 2006-жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумға біріккен бәсекелестікке қабілетті елдердің листингіне енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2006-жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумға біріккен бәсекелестікке қабілетті елдердің листингіне енгізіледі

Қазақстан 2006-жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумға біріккен бәсекелестікке қабілетті елдердің листингіне енгізіледі

Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қазақстан 2006-жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумға біріккен бәсекелестікке қабілетті елдердің листингіне енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 16-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Наурыз 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

Листингіге енгізу процедурасының нәтижесінде ҚР үкіметі елдің экономикалық ахуалы мен даму көгжиектері туралы шынайы ақпаратқа ие болмақ. Бүгінде Бүкіләлемдік экономикалық форум қажетті ақпараттарды жинау үшін Қазақстандық кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары арасында сауалнамалар мен сұхбаттар өткізе бастады, деді Қ.Келімбетов.

Министрдің бағалауынша, болашақ рейтингте Қазақстан «70 және 80-ші орындардың аралығында тұрақтауы мүмкін». Алайда, алдағы 10-12 жылда біз «дүниежүзіндегі бәсекелестік қабілеті жоғары 50 елдің тізіміне енуді көздеп отырмыз»,- деді Қ.Келімбетов.
Министрдің айтуынша, 2005-жылы бұл листингідегі 70-ші орынға Ресей ілікті.

Перейти к новостям спорта