Қазақстан 2009 жылы телехабарларды таратудың сандық жүйесіне көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2009 жылы телехабарларды таратудың сандық жүйесіне көшеді

Қазақстан 2009 жылы телехабарларды таратудың сандық жүйесіне көшеді

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан 2009 жылы телехабарларды таратудың сандық жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 669
Фото - Caravan.kz

«Министрлік тарапынан Қазақстанда телехабар таратуды сандық жүйеге көшіру туралы 2011 жылға дейінгі нақты бағдарлама әзірленді. Сол бағдарламаға сәйкес, келесі жылы Қазақстанның бір өңірі тұтастай сандық телеарнаға көшірілетін болады», деді М. Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстанның сандық жүйе бойынша хабар таратуға көшуі үшін тиісті қаражат алдағы жылдың бюджетінен қарастырылған. Бұндай жүйеге бағытталған қаражаттарды игеру мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асатын болады.

Сонымен бірге, үш жылға жоспарланған бағдарлама бойынша 2011 жылға дейін республикамыздың 40 пайызға жуық өңірінде сандық телеарна жұмыс істейтін болады. Бұл ақпарат саласындағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді», деді М. Құл-Мұхаммед.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар