Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесін белсенді көтермекші - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесін белсенді көтермекші - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесін белсенді көтермекші - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесін белсенді көтермекші. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасы парламенті сенатында "Қазақстанның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстел отырысында қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Әлжан Біралиев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қазан 2008
  • 748
Фото - Caravan.kz

Отырысты ашқан сенат төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Қазақстанда орнықты дамуға көшуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде бекітілген бірқатар шаралар атқарылғанын атап өтті.

Ол сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарда орнықты дамуына көшу тұжырымдамасының мақсатына жетуге және орнықты дамудың қағидаларын толық сақталуын қамтамасыз ету жаңа қадамдар талап ететініне отырысқа қатысушылардың назарын аударды.

«Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып Экологиялық кодексті қабылдады,-деді өз баяндамасында қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Әлжан Біралиев. — Біздің еліміз Роттердам және Стокгольм конвенцияларын ратификациялады, президенттің тапсырмасы бойынша парламентке Қазақстанның Киото хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасын ұсыну жоспарланып отыр.

Осынау құқықтық кеңістік аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологияны қорғау, оның сапа көрсеткіштері мен орнықтылығын арттыру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуындағы алшақтықтан өту жолдары белгіленіп, тұрақты бастаулар мен автокөліктерден қоршаған ортаға шығатын эмиссияларды азайту жөнінде шаралар қабылданды, кәсіпорындар шығаратын қашыртқыларды ғана емес, олардың табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды мемлекеттік бақылау күшейе түсті»,- деді вице-министр.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде ауаға таралатын қалдықтардың үлесі жалпы ішкі өнім бірлігіне сегіз, су нысандарында 7 пайызға азайды, алынатын қалдық мөлшері жыл бойына 3 пайызға азайды, ол белгіленген көрсеткіштерге сәйкес келеді. Қалдықтарды басқарудың халықаралық қағидаларын енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешудің тұжырымдамасы жасалды.

Ашық әңгіме барысында сөз алғандар Қазақстанның орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету мәселелері қазіргі замандағы тәуекелдер жағдайында қоршаған ортаны қорғау ісінде жаңа әрі тиімді іс-қимылды талап ететінін айтты. Осыған байланысты Қазақстанның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажеттігі аталып өтілді.

«Республиканың орнықты даму жолындағы басты міндеттері — қоршаған ортаны табиғаттан тыс қысымнан қорғау, экономиканы қайталама ресурстар мен энергия бастауларын пайдалануға бағдарлау, халықтың денсаулығы мен демографиялық жағдайды жақсарту»,-деп санайды сенат комитетінің төрағасы Қ.Ищанов.

Сөз алғандар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және басқа да заңнамалық актілерді халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында уақытында өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігіне назар аударды және ең алдымен «лас» және ескерген технологияларды әкелуге және қолдануға қатысты, сондай-ақ энергия жеткілікті және энергия жетіспейтін аймақтар арасында көрші елдердің қуатын тарту арқылы электр энергиясын бөлу мәселелерін шешу және энергия үнемдейтін технологияларға көшу туралы пікір білдірді.

«Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар айтқан ұсыныстар отырыс қорытындысы бойынша қабылданған қаулыда көрініс тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар