Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, қазір елімізде Малайзияның интеллектуалдық ұлтты дамыту жөніндегі «ІIN 2015» бағдарламасына балама жоба дайындалуда. Оны 2020-жылы жүзеге асырып аяқтау көзделген. «Интеллектуалдық ұлтты дамыту бағдарламасы тұрғындарды жаппай ақпараттық технологияларды қолдануға баулуды меңзейді»,- деді ол.
Қ.Есекеевтің айтуынша, ағымдағы жылдың шілде айында үкімет ақпараттық теңсіздікті азайту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаны қабылдады. Соған сәйкес халықтың компьютерді меңгеру деңгейін 5-6 проценттен 20 процентке жеткізу көзделуде.
Қазіргі жағдаймен еліміздегі мемлекеттік мекемелердің 94 процентінде жеке веб-сайты бар, олар 933 ақпараттық, 14 интерактивтік қызмет көрсетеді. «Келесі жылы біз интерактивті қызмет түрлерінің көлемін 72-ге жеткізбекшіміз»,- деді Қ.Есекеев.
«2006-жылдың аяғына дейін 29 мемлекеттік ұйым электронды құжат айналымына көшеді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті