«Биыл Қазақстан егістік алқабының бұрынғы жалдарғы құрылымын сақтап қалғанын айта кеткен жөн және ауа райының қолайлы болып отырғанын ескерсек, біз биылғы астық жаман болмайды деп есептеп отырмыз. Біз өз қажеттігімізді толығымен қамтамасыз етіп, экспорттық мақсатта да ынтымақтасуға дайынбыз», — деді ол бейсенбі күні ДИЭФ аясындағы азық-түлік қауіпсіздігіне арналған панелдік сессия барысында.
Журналистердің биылғы астық көлемі қандай болуы мүмкін деген сауалына ол, бұл туралы «шілденің екінші жартысында айтуға болады», деп жауап берді.