Қазақстан 2013 жылы да білікті мамандарға зәру болмақ
2013 жылы да Қазақстан экономикасының барлық секторларында жоғары білікті мамандар тапшылығы айқын сезілмек. Халықаралық «Форсаж» рекрутингтік компаниясының директоры Елена Грищук осылай деп мәлімдеді. |
«Өкінішке орай, нарық бұрынғыша теңгерілмеген күйде қалып отыр. Бұрынғыша, біліктілігі жоғары мамандарға деген сұраныс жоғары болады», - деді ол сейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Е.Грищуктің айтуынша, жергілікті мамандардың орны Ресей, Белоруссия мен Украиналық кадрлар есебінен толықтырылады.
Шетелде жұмыс істеуді көксейтін қазақстандық жастардың талпынысы да рыноктағы жағдайды нашарлата түспек.
Маманның мәліметінше, Қазақстанда сауда-саттық мамандарына, ритейл саласының білікті басқарушылары, кен өндіру өнеркәсібіндегі инженерлік мамандар, техникалық менеджерлер мен өндіріс технологтары, жоғары білікті жұмысшылар мен интернет-сауда мамандарына деген сұраныс жоғары.
Республикамызда мұнай-газ, мұнай-химия және дәрі-дәрмек саласы, FMCG-компаниялар, ритейл, банк секторы (консалтинг, маркетинг, менеджмент) білікті мамандарға зәру.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін