Жарияланды: 380

Қазақстан 2015 жылдан кейін ғаламдық даму үшін БҰҰ-на ұсыныс әзірлеуге кірісті

Астанада вице-премьер Ербол Орынбаевтың төрағалығымен ұлттық консультацияларды өткізу жөніндегі үйлестіруші комитеттің бірінші отырысы өтті, ондағы мақсат 2015 жылдан кейін ғаламдық даму саласында БҰҰ -ның күн тәртібін құру.

Шараға мемлекеттік органдардың және БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі агенттіктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлады жұмада премьер-министрдің баспасөз қызметінен. Хабарламада атап өтілгендей, БҰҰ шешіміне орай Қазақстан мұндай кеңестер өткізілетін 50 елдің қатарына іріктелген. "Ұсыныстар "Рио+20" сияқты шешімдер бойынша, ұлттық басымдықтар (мәселен, урбанизациялау, азық-түлік қауіпсіздігі, жастардың мүмкіндіктерін арттыру, климаттың өзгеруі) бойынша өз ара ықпалдастықты тереңдетудің басы болып табылады. 50 елдің ұлттық кеңестерінің нәтижелері БҰҰ даму мәселелері жөніндегі ғаламдық есебінде жинақталып, көрсетілмек. Бірінші отырыс барысында Е.Орынбаев бүкіл мүдделі мемлекеттік органдарға консультациялардың тақырыбын айқындауды және кейіннен БҰҰ-на ұсынатындай "Қазақстан - 2050" стратегиясын ескере отырып, ұсыныстардың жобаларын дайындауды тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін