Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Сондай-ақ, ресми өкілдің айтуынша, 14 маусым күні 150-ден астам мүше-мемлекеттердің өкілдері қатысатын Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 149-сессиясында Астана кандидатурасының ресми тұсаукесері өтеді.
А. Әбдірахмановтың атап көрсеткеніндей, ЭКСПО көрмесіне Астана ұсынып отырған тақырып «Келешек қуаты» деп аталады.