«Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды

«Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды

15 жыл бұрын егеменді еліміздің ұзақмерзімді даму жолын белгілеген «Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды.

  • 3 Қазан 2012
  • 1743
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан­ ­- 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді.

«Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:

Ұлттық қауіпсіздік.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
Энергетика ресурстары.
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
Кәсіби мемлекет.

Бұл басымдықтар елдің дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан — 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі — Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.