Ал АҚШ пен Жапония 8 және 9-орынды иемденген. ТМД республикалары түгелдей орташа даму деңгейі бар елдердің санатына ілікті. Өткен жылғымен салыстырғанда Ресей 6 орынға көтеріліп, 177 елдің ішінен 57-ші орынға шықты. Ал Беларусь керісінше 9 орынға төмен жылжып, 62-ші орында тұрақтаған. Ал былтыр Беларусь кіріс деңгейі жоғары елдердің арасынан көрінген -тұғын. Украина 5 орынға көтеріліп, 701-ші орынды еншіледі. Қазақстан — 78, Армения — 82, Түрікменстан — 86, Әзербайжан — 91, Грузия -97, Өзбекстан — 107, Қырғызстан — 110 және Тәжікстан — 116-ші орында келеді.
Баяндамада атап көрсетілгеніндей, Эстония, Литва және Латвия республикалары адам дамуының жоғарғы деңгейіне қол жеткізген елдер санатында, тиісінше 36, 41 және 50-ші орында тұр.
Ал 177 мемлекеттің ішінен адам потенциалын ең төменгі дамыту көрсеткіші тіркелген елдер санатына Буркина-Фасо, Нигер және Сьерра-Леоне ілікті.
Мемлекеттердің рейтингін анықтауға негіз болатын негізгі көрсеткіштер арасында орташа жастың ұзақтығы, жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі өнім көрсеткіші мен сауаттылық деңгейі бар. Сондай-ақ, адамның бостандығы мен еркіндігі, қоғам өміріне атсалысу мүмкіндігі де ескеріледі.