Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді

Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді

Парламент Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия, Конго, Мали және Ливандағы БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады.

  • 30 Маусым 2022
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Конституцияның 53-бабы 5-тармағына сәйкес БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшініҚарулы күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгіземін" — деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Қазақстанның штабтық офицерлер және әскери бақылаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларына барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін атап өтті.


"Бағалау және іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біз Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшені ұсындық. Олардың барлығы дайындықтың әртүрлі деңгейлерінде. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, өтінім бойынша жібереміз. Бізге миссияны орындауға дайындық бойынша баға беріледі", — деді Руслан Жақсылықов.