Қазақстан ағымдағы жылы әлемдік нарыққа 4,7 млн. тонна астық шығара алады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ағымдағы жылы әлемдік нарыққа 4,7 млн. тонна астық шығара алады

Қазақстан ағымдағы жылы әлемдік нарыққа 4,7 млн. тонна астық шығара алады

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан ағымдағы жылы әлемдік нарыққа 4,7 млн. тонна астық шығара алады. Бұл туралы "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның вице-президенті Сапархан Омаров бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Болжамға сәйкес биыл Қазақстанда 14 млн. тонна астық жиналады. Ахуалға байланысты оның 4,7 млн. тоннасы әлемдік нарыққа шығарылады. Бұл 2005-жылғыдан 2 есе артық»,- деді ол.

«Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ-ның вице-президентінің айтуынша, 2006-жылы Қазақстанның астығын негізінен Ресей, Украина және басқа да бірқатар ТМД елдері, Заквказье елдері, Иран, сондай-ақ, Қытай тұтынады деп күтілуде. Былтыр Ресей, Тәжікстан және Әзербайжан елдері бізден астық сатып алды.

Ал «Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ-ның өзі тікелей әлемдік нарықтағы ахуалға байланысты 500 мыңнан 1,5 млн. тоннаға дейінгі астықты экспорттамақшы. 2005-жылы компания 450 мың тонна астықты шетелдерге шығарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта