Қазақстан аграрийлеріне егін жинауға 405 мың тонна ЖЖМ төмендетілген бағамен беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аграрийлеріне егін жинауға 405 мың тонна ЖЖМ төмендетілген бағамен беріледі

Қазақстан аграрийлеріне егін жинауға 405 мың тонна ЖЖМ төмендетілген бағамен беріледі

Қазақстан аграрийлеріне егін жинауға 405 мың тонна жанар-жағармай (ЖЖМ) төмендетілген бағамен беріледі, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрі (АШМ) Асылжан Мамытбеков Twitter-дегі парақшасында.

  • 29 Маусым 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Үкімет диқандарға егін жинау жұмыстары үшін 405 мың тонна көлемінде дизельдік отынды белгіленген бағамен жеткізу мәселесін шешті. Баға тоннасы үшін 80 мың теңге болады… аймаққа жеткізумен 1 литр үшін баға 75 теңге», — делінген сәрсенбі күні министрдің микроблогында.

АШМ басшысы бұл баға нарықтық бағадан 10%-ға төмен екенін атап көрсетті.

ЖЖМ жеткізу шілденің басында басталып, қырқүйектің соңына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар