Жарияланды: 390

Қазақстан алдағы уақытта ҰБТ-дан бас тартпайды

Білім беру жүйесі мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тартпайды, деп премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Біз ҰБТ-дан бас тартпаймыз деп ойлаймын. Әрине, оны жетілдіру қажеттігі рас және біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Яғни, жұмысты тоқтатуға болмайды», - деді ол үкіметтің дүйсенбі күнгі селекторлық отырысында. «ЖОО басшылары ҰБТ-ға қарсы екенін білемін, өздері емтихан өткізгісі келеді. Бұл білім беру саласының ашықтығы мен жемқорлыққа қатысты мәселе. Меніңше, ҰБТ білімді тексерудің тәп-тәуір құралы, тек оны жақсарта түсуіміз керек», - деп атап өтті премьер. Өз кезегінде, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҰБТ-ның Қазақстанда сегіз жылдан бері өткізіліп келе жатқанын еске салды. «Жалпы алғанда, біз тамаша тәжірибе жинақтадық. Әзірге бұдан қолайлысы жоқ деп ойлаймын», - деп атап өтті министр. Оның айтуынша, биыл ҰБТ бойынша орташа балл деңгейі былтырмен салыстырғанда бір жарым пайыз артып, 86,6%-ды құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін