Қазақстан әлемдік саясат субьектілерінің дәрежесіне көшті, оны әлемдік геосаяси орталықтар мойындауда - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әлемдік саясат субьектілерінің дәрежесіне көшті, оны әлемдік геосаяси орталықтар мойындауда - президент

Қазақстан әлемдік саясат субьектілерінің дәрежесіне көшті, оны әлемдік геосаяси орталықтар мойындауда - президент

Астана. 19 ноября. "Казахстан Сегодня" - Қазақстан әлемдік саясат субьектілерінің қатарына көшті, оны әлемдік геосаяси орталықтар мойындауда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 1835
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан әлемдік саясат субьектілерінің қатарына көшті, оны әлемдік геосаяси орталықтар мойындауда. Оған біздің мемлекеттің ықпалды халықаралық ұйымдардағы рөлі дәлел «.

«Бұл жерде еліміздің Азиядағы ынтымақтастық диалогына 2008 — 2009 жылдары, ЕҚЫҰ-ына 2010 жылы, Ислам конференциясы ұйымына 2011 жылы төрағалық жасайтындығы, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім ұйымы, Түрік мәдениеті мен өнерінің бірлескен дамуы жөніндегі халықаралық ұйымның атқарушы құрылымдарына басшылық жасауы жайлы сөз болып отыр».

«Бұл жерде, әрине, СІМ мен біздің дипломаттар үлкен жұмыс атқарды. Бұл жұмыстарды жалғастыра беру керек»,- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар