Қазақстан әлемдік уран рыногінің басым бөлігін жаулап алуды көздейді - энергетика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әлемдік уран рыногінің басым бөлігін жаулап алуды көздейді - энергетика министрі

Қазақстан әлемдік уран рыногінің басым бөлігін жаулап алуды көздейді - энергетика министрі

"Қазақстан әлемдік уран рыногінің басым бөлігін жаулап алуды көздейді". Бұл туралы бүгін, 5-сәуірде парламенттегі "үкіметтік сағатта" сөз сөйлеген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, былтыр Қазақстан 3 мың тонна уран кенін өндірген. «Келешекте біз уран өндіру мөлшерін жылына 12 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз».

Министрдің хабарлауынша, осы мақсатпен Ақмола облысындағы уран кеніштері мен басқа да жаңа кеніштер салу, сондай-ақ, Степногорск және Орталық кеніш басқармаларында жаңа аффинаж цехтарын салу жоспарланған. Министрдің айтуынша, бұл «ірі кәсіпорындардағы көлік шығындарын азайтып, уран бағасы арзан тұрған жағдайда олардың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жасалып отыр».

Соңғы жаңалықтар