Жарияланды: 430

Қазақстан әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына белгіленген мерзімнен бұрын кіреді - Назарбаев

Қазақстан әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына белгіленген мерзімнен бұрын кіреді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз 2050 жылға дейін арналған жаңа саяси бағытты орындауға кірісіп отырмыз. Біздің республика әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену үшін қолдан келгеннің бәрін істеуі керек. 2050 ұзақ секілді, одан бұрын жететін сияқтымыз", деді президент Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбіде Индустриаландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалардың тұсау кесеріне арналған жалпыұлттық телекөпірде. "Бұл орайда индустриалды-инновациялық бағдарламалар - маңызды жалпыға ортақ жоба. Бізде басқа жол жоқ", деді президент.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін