Қазақстан әлеуметтік мақсатқа арналатын мемлекеттік шығындардың көлемін ұлғайтты - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әлеуметтік мақсатқа арналатын мемлекеттік шығындардың көлемін ұлғайтты - президент

Қазақстан әлеуметтік мақсатқа арналатын мемлекеттік шығындардың көлемін ұлғайтты - президент

Экономикасының қарқынды өсуі Қазақстанға әлеуметтік мақсатқа арналатын мемлекеттік шығындардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл ел экономикасының іргесі беки түскеніне нақты дәлел. Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бүгінде Қазақстан Республикасы Әлемдік банктің елдерді жіктеуіне сәйкес кіріс деңгейі орташа мемлекеттердің тобына ілікті. «Егер біз тұрғындардың әл-ауқат сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыра қарайтын болсақ, соңғы 10 жылда Қазақстандықтардың орташа кіріс деңгейі 5 есе, айлық орташа жалақы 6 есе, ең төменгі жалақы мөлшері 25 есе, айлық орташа зейнетақы көлемі 4,6 есе өсті. Жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен жан басына шаққандағы салымдар мөлшері тиісінше 35 және 36 есе ұлғайды»,- деді президент.