Қазақстан Алматыда Орталық Азия аймағында шиеленіске жол бермеу жөніндегі ескертпелі дипломатиялық орталық ашу туралы ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Алматыда Орталық Азия аймағында шиеленіске жол бермеу жөніндегі ескертпелі дипломатиялық орталық ашу туралы ұсыныс жасады

Қазақстан Алматыда Орталық Азия аймағында шиеленіске жол бермеу жөніндегі ескертпелі дипломатиялық орталық ашу туралы ұсыныс жасады

ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев 25-қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Алматыда Орталық Азия аймағында шиеленіске жол бермеу жөніндегі ескертпелі (превентивті) дипломатиялық орталық ашу туралы ұсыныс жасады. Бұл БҰҰ-ның аймақтағы іс-қызметін күшейтуге жағдай жасамақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 680
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз баяндамасында халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі БҰҰ ролі туралы өз көзқарасымен бөлісе отырып, дүниежүзілік қоғамдастықтың ұлт және конфессияаралық қайшылықтар, халықаралық лаңкестік, ұйымдасқан қылмыс, табиғи және гуманитарлық зілзалалар тәрізді ғаламдық қатерлерге қарсы тұру мәселесін кешенді шешу жолдары туралы пікір білдірді.

Қазақстанның бас дипломаты халықаралық көкейкесті істерді үйлестірушілік миссиясын одан әрі жалғастыра беру үшін БҰҰ мен оның басты органдарын жаңалау қажеттігіне баса назар аударды. БҰҰ жүйесін нығайту және бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді қарау үшін Жоғары дәрежелі топ құру туралы БҰҰ Бас хатшысының ұсынысына Қазақстан тарапынан қолдау білдірілді.
БҰҰ мен аймақтық ұйымдардың іс-қызметін үйлестіру үрдісін жақсарту мақсатымен БҰҰ бас хатшысының жанынан аймақтық ұйымдардың Кеңесін құру туралы ұсыныс жасалды.

Соңғы жаңалықтар