Жарияланды: 480

Қазақстан Антарктика туралы келісімшартқа 2012 жылдың соңына дейін қосылмақ

Қазақстан Антарктика туралы келісімшартқа 2012 жылдың соңына дейін қосылуды жоспарлап отыр, деп хабарлады республиканың қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Марлен Ысқақов.

"Министрлік Антарктика туралы келісімшартқа қосылу туралы заң жобасы бойынша бүкіл дерлік ведомстволардың келісімін алды. 25-қазан күні заң жобасы СІМ және ҰҚК келісімдерін алу үшін жөнелтілді. Сосын ол заңды сараптама үшін әділет министрлігіне жіберіледі", деді ол Астанада сәрсенбіде Қазақ географиялық қоғамының "Жердің және адамдардың әлуеті" деп аталатын бірінші конференциясында сөйлеген кезінде. "Бәрі ойдағыдай болса, жылдың соңына дейін Антарктика туралы келісімшартқа қосыламыз, оның мүшесі боламыз, келешегіміз зор болмақ", деді ол. Антарктика туралы келісімшартқа Вашингтонда 1959 жылы 1-желтоқсанда қол қойылған, онда КСРО да қол қойған болатын. Келісім бейтарап және демилитаризацияланған аумақ режимін бекітті. Антарктика тек бейбіт мақсатта ғана пайдаланылады. Онда әскери база құруға, қару сынауға тыйым салынған. Ғылыми зерттеулер бостандығы бекітілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін