«АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың болашағы қолайлы болады деп болжаймыз. Өйткені, бұдан екі жақ бірдей мүдделі»,- деді ол.
«Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Біз аталмыш алпауыт мемлекетпен арадағы ықпалдастықты жоғары бағалаймыз. Сол себепті біз түрлі түйткілді мәселелер бойынша АҚШ-пен арадағы диалогты Нұрсұлтан Назарбаев пен Билл Клинтон 1994-жылдың ақпан айында қол қойған демократиялық әріптестік хартиясының негізінде жалғастырып келеміз»,- деді ол.
ҚР СІМ-нің пікірінше, «АҚШ мемлекетік хатшысы Кондолиза Райстың жуырдағы сапары өзара стратегиялық әріптестікті дамытуға деген мүдделестікті тағы бір дәлелдеп берді».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті