Қазіргі таңда Қазақстан сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының антитерорлық құрылымына да үлкен үміт артып отыр,- деп атап көрсеткен Қ.Тоқаев одан әрі сөзін былай деп сабақтады: «Ұйымға мүше-мемлекеттер тиісті деңгейде күш-жігер жұмсаған жағдайда Орталық Азияда терроризммен күресте айтарлықтай табысқа қол жеткізуге болар еді».
Дүниежүзілік тәжірибеге жүгінсек, бұлтартпас қатаң бағыт ұстанған жағдайда ғана терроризммен күресте табысқа жетуге болатыны дәлелденіп отыр. Алайда бұл күрес нақты құқықтық кеңістік аясынан шығуға тиіс. Ал Қазақстанда осындай механизм жасалған , әрі ол ұдайы жетілдіріле түсуде,- деді мемлекеттік хатшы.
«Қазақстан 2001-жылы басталған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын реформалау процесстерін оңды бағалайды»,- дей келіп Қ.Тоқаев : «Ұйымды жаңалау барысындағы басты назар ұйым іс-қызметіндегі тепе-теңсіздікті жоюға, дәлірек айтсақ, әскери-саяси ынтымақтастық, экономика, экология және адам дамуы тәрізді үш саладағы белсенділікті тең дәрежеде дамытуға бағытталуы тиіс»,- деп қорытты.
«Қауіпсіздікке төнген қауіп-қатермен күрес және ХХI-ғасырдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ОБСЕ стратегиясының» жобасын жасауға баса назар аудару қажет деп санаймыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан әзірленіп жатқан бұл құжат жаңа қатерлерге қарсы күресте ұйымның тиімді құралына айналуға тиіс «,- деді ҚР сыртқы істер министрі.
Қ.Тоқаев халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы БҰҰ-ның ролін жоғары бағалады. «Ұлт-ұлыстардың жан-жақты ғаламдық ынтымақтастығын дамытуда БҰҰ-на балама жоқ деген көптеген мемлекеттер пікіріне біз де қосыламыз. Адамзат дүниесінің көптеген тауқыметтерін шешуде , бірінші кезекте әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде БҰҰ — дүниежүзінде теңдесі жоқ бүкілхалықтық форум қалпын сақтайды «,- деді Қ.Тоқаев.
Алайда осы орайда қазіргі қалыптасқан нақты халықаралық ахуалға сәйкес БҰҰ-ын жаңалау туралы ойланатын мерзім жетті. Бұл міндеттің маңызы арта түскеніне соңғы уақыттарда орын алған оқиғалар нақты дәлел бола алады,- деп мәлімдеді Қазақстан мемлекеттік хатшысы.