Қазақстан АҚШ-пен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан АҚШ-пен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды - президент

Қазақстан АҚШ-пен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды - президент

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан АҚШ-пен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған АҚШ елшісі Ричард Хоугландты қабылдаған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қазан 2008
  • 570
Фото - Caravan.kz

«Біз АҚШ-пен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймыз, өзара екіжақты диалог қарқынды дамып келеді», — деді Н. Назарбаев.

«Жуырда Астанаға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс келіп қайтты, біз екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және ғаламдық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты келіссөздер жүргіздік. Елші мырза сіздің ендігі қызметіңіз осы уағдаластықтарды орындауға бағытталады деп сенемін», — деді президент.

Өз кезегінде Р. Хоугланд «Қазақстанның әлемдік жоғары деңгейдегі стратегиялық серіктес екенін» атап өтті.

«Мен Қазақстанның қол жеткізген табыстарына АҚШ өз инвестицияларымен үлес қосқанын мақтан тұтамын, қазір оның көлемі тек мұнайгаз секторында $11 млрд құрап отыр, бұл сан арта түспек», — деді елші.

«Мен Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас идеологияға емес, нақтылыққа құрылуға тиіс деп кәміл сенемін. Біз екі елдің тарихи, мәдени және саяси нақты ахуалын өзара жақсы түсініп, оларға құрметпен қарауға тиіспіз», — деді Р. Хоугланд.

«Менің мақсатым — Қазақстан мен АҚШ арасында өткен жылдарда қалыптасқан етене жақын серіктестіктің одан әрі өсіп-өнуін, гүлдене түсуін қамтамасыз ету», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар