«Біз Қазақстанға әкелінген шетелдік инвестицияның 50 проценті АШТ-тың үлесіне тиетіні үшін ризашылық білдіреміз»,- деді Қ.Тоқаев. «Біз АҚШ-тың ірі компанияларымен арадағы келісімдердің мызғымастығына кәміл сенеміз және өз ұстанымымызды қандай жағдайда да өзгертпейміз»,- деді ҚР СІМ.
«Алайда, біздің АҚШ-пен ынтымақтасты қолдау саясатымыз доллардың ғана көмегімен басқарылмайды. Біз бұл елмен қазіргіден де кең көлемді байланысқа сенім артамыз»,- деді Қ.Тоқаев. «Дәл осындай себеппен Қазақстан алдын-ала қандайбір талап немесе шарт қоймастан АҚШ-тың әскери авиациясына өзінің әуе кеңістігін ашты»,- деп еске салды еліміздің сыртқы саясат мекемесінің басшысы.
«Ирактағы әскери операциялардың заңдылығына қатысты халықаралық пікірталастарды доғаратын мерзім жетті»,- деп пайымдайды Қ.Тоқаев. «Қазір біз бұл елді аймақтағы демократия орнатудың табысына үлгі ретінде алға тартатын елге айналдыру үшін күш біріктіру қажет»,- деді ол.