Қазақстан АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен ынтымақтастықты бекіте түспек ниетте - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен ынтымақтастықты бекіте түспек ниетте - президент

Қазақстан АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен ынтымақтастықты бекіте түспек ниетте - президент

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен ынтымақтастықты бекіте түспек ниетте. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 697
Фото - Caravan.kz

«АҚШ әлемдегі көптеген құбылыстардың қозғаушы күші. Сол себепті Вашингтондағы жаңа әкімшілікпен бірқалыпты, өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға деген біздің талпынысыз түсінікті», — деді Н.Назарбаев.

Президент кеше кешқұрым АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлескенін еске салды. «Біз біздің аймақтағы мәселелерді, қауіпсіздік жайын, Иран, Ирак, Ауғанстан, Орталық Азиядағы ахуалды, Ресеймен арадағы қарым-қатынас, АҚШ пен Қазақстан арасындағы энергетика, саяси және басқа да салалардағы ықпалдастық туралы жан-жақты талқыладық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, «Обама мырза Қазақстанның АҚШ-тың досы екенін, ядролық қаруды жою және қарусыздану саласындағы кейінгі жылдардағы ынтымақтастықты, Қазақстанның антитеррорлық операцияларға атсалысуын жоғары бағалайтынын, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық ауқымын кеңейте түсетінін, оған баса назар аударатынын, елімізге келуге талпынатынын жеткізді».

«Бұл жақсылықтың белгісі деп санаймын және біздің министрлік пен елшілік жаңа президенттің аппаратымен осындай қарым-қатынасты дамыта түсуі қажет», -деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар