Қазақстан әр елдердің арнаулы қызметтері үшін қызығушылық тудыруда- ҚР ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әр елдердің арнаулы қызметтері үшін қызығушылық тудыруда- ҚР ҰҚК

Қазақстан әр елдердің арнаулы қызметтері үшін қызығушылық тудыруда- ҚР ҰҚК

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің соңғы 5 жылда тыңшылыққа қатысты қозғап тексерген қылмыстық істерінің саны бұған дейінгі 80 жылдағыдан да артық болып шықты. Бұл туралы бүгін, 4-қыркүйекте Астанада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерге арналған семинарда сөз сөйлеген ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 526
Фото - Caravan.kz

Оның пікірінше, мұндай мәлімет «Геосаяси тұрғыдан маңызды орын иемденетін, тәуелсіз әрі бай Қазақстан — дүниежүзілік державалар үшін зор қызығушылық тудырып отырғанын айғақтаса керек». Мәселен, ҚР ҰҚК органдары республикалық маңызды нысандарды компьютерлік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі сылтаумен техникалық барлау құралдарын пайдалану деректерін әшкереледі деді В.Божко.

Осындай сылтаумен әкелінген компьютерлер ақпаратты алыстан жазып түсіріп алуға мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі электромагниттік сәулемен қамтамасыз етілген болып шықты. Атап айтсақ, еліміздегі бір министрлікте, бастапқы сақталған жерінен 20 шақырымнан ақпаратты жазып алатын техникалық құрал орнатылған көрінеді.
Сондай-ақ, В.Божконың хабарлауынша, Қазақстан шекарасын бойлай жаңаша радиоэлектроникалық тыңшылық құралдарын орнату, сондай-ақ, спутниктік және радиорелейлік арналар арқылы берілген ақпаратты орта жолдан ұстап алуға мүмкіндік беретін, әсер ету аясы ауқымды қабылдағыш-таратқыш құралдарды орнату фактілері әшкереленді. ҚР ҰҚК мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның Қытаймен шекаралас аймақтарында 6 мың шақырымға дейінгі қашықтықта барлау әрекеттерін жүргізе алатын 170 радиоэлектрондық бөлімшелер орнатылған көрінеді. «Мұндай орталықтар ақшаны жұмсауға жер таппаудан емес, Қазақстан туралы ақпарат жинау мақсатымен құрылатыны айдан анық»,- деді В.Божко.