Қазақстан әрдайым Ресейдің жақын әрі сенімді көршісі болып қала береді - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әрдайым Ресейдің жақын әрі сенімді көршісі болып қала береді - Елбасы

Қазақстан әрдайым Ресейдің жақын әрі сенімді көршісі болып қала береді - Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті,

  • 15 Қазан 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті кездесу барысында В.Путиннің елімізге сапарына деген ілтипатын білдірді.

«Сіздің Қазақстанға соңғы мемлекеттік сапарыңыз төрт жыл бұрын болды. Осы уақыт аралығында ортақ мәселелерге көзқарасымызды үнемі өзара үйлестіріп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін түрлі алаңдарда шешіп отырдық. Сіздің бұл жолғы сапарыңыз да осынау күрделі кезеңдегі ынтымақтастығымызды нығайтуға және кеңейте түсуге септігін тигізетініне сенімдімін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы алдағы 16 қазанда өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мәселелерін де қозғады.

«Бүгінде ЕАЭО халықаралық аренада құрмет пен беделге ие бола отырып, өз аясын кеңейтіп келеді. Біз дұрыс жолда келеміз деп есептеймін», — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасын дамыту келешегі туралы да айтты.

«Біз Сочиде өзара қарым-қатынастарымызға қатысты негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік алдық, енді бүгін соларға қатысты тиісті құжаттар дайындалып отыр. Біздің қарым-қатынастарымыз «ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы» іргелі келісім негізінде дамып жатқанын да айтқым келеді. Одақтастық Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартпен, ал экономикалық тұрғыдан ЕАЭО-ның жарғылық құжаттарымен бекітілген. Қазақстан әрдайым Ресей Федерациясының жақын әрі сенімді көршісі, болған, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Бұл Қазақстан халқының түпкі мүдделерімен үндесіп жатыр», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

В.Путин өз кезегінде жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.


«Маған Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына сипаттама берудің керегі жоқ. Бұл — жай өзара сенімді серіктестік қана емес, барлық мағынасында одақтастық қарым-қатынас. Қазақстан — біздің ірі сауда-экономикалық серіктесіміздің бірі. Бүгінде 6 мыңға жуық Ресей компаниялары Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, долларлық эквивалентпен есептегенде мол көлемдегі инвестиция жинақталды. Сіздің төл бастамаңыз — Еуразиялық экономикалық одақ қарышты дамып, экономикаларымыздың тиімді дамуына жағдай жасауда. Біз көптеген серіктестеріміздің ЕАЭО-мен түрлі форматта ынтымақтасу ниетінде екенін көріп отырмыз», — деді Ресей Президенті.

Соңғы жаңалықтар