Қазақстан Армения мен Катарда елшіліктер ашып, Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссияларын қайта құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Армения мен Катарда елшіліктер ашып, Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссияларын қайта құруда

Қазақстан Армения мен Катарда елшіліктер ашып, Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссияларын қайта құруда

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения мен Катарда Қазақстанның елшіліктерін ашу, ал Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссияларды қайта құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2006
  • 575
Фото - Caravan.kz

Мәселен, президенттің жарлығына сәйкес, Сингапур мен Нидерландыдағы дипломатиялық миссиялар Қазақстан Республикасының елшілігі болып қайта құрылады.

Қазақстанның Армениядағы елшілігі осы елдің астанасы Ереванда, ал Катардағы елшілік Дохада ашылады.

Жаңа елшіліктер «дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайту» мақсатымен ашылып отыр.

Төрт жарлық 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта